09.03.1967 жылы туған. Абай ат.ҚазПМУ Филология факультетінің Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын 1996 жылы үздік дипломмен бітірді. 1996 жылы Қ.Мұңайтпасов ат.РМИ мұғалімі болып педагогикалық еңбек жолын бастаған. Сол жылдан А.Байтұрсынұлы музей-үйінің ғылыми қызметкері. «А.Байтұрсынұлы музей-үйі экспозициясының ғылыми тұжырымдамасы және тақырыптық жоспары» жобасына жетекші. 2005 жылдан мұражайдың директорлығын қоғамдық негізде (тегін) атқарып келеді. «А.Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы» атты кандидаттық диссертация қорғаған. Ғалымның бес, алты томдық шығармалар жинағының құрастырушысы, жауапты редакторы әрі ғылыми түсініктердің авторы. 2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін университеттің Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті қызметін атқарып келеді. Бакалавриат пен магистратурада дәріс оқиды. Оқу үдерісі барысында маман дайындаудағы жетістіктері үшін ректорат және деканат тарапынан Құрмет грамоталары, Алғыс хаттармен марапатталды. 2019 жылдан қарашасынан Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл – құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу орталығының директоры. ЖОО-дағы еңбек жолы төмендегідей: 2008-2009 о.ж., Халықаралық бизнес университеті Тілдер кафедрасына Қазақ тілі пәнінің аға оқытушысы болып қызметке қабылданып, 2009 ж., доцент м.а., 2010 ж., доцент лауазымымен оқытушылық қызмет атқарды. Аталған ЖОО-дағы Оқу, ғылыми және қоғамдық қызметтердегі жетістігі үшін «UIB-2011 Үздік оқытушысы» номинациясының иегері, бірнеше Құрмет грамоталары, Алғыс хаттармен, 2012 ж., оқу ордасының 20 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталған. 2013-2014 о.ж., Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің Ғылым және тәрбие істері жөніндегі проректоры лауазымымен мамырға дейін қызмет атқарды. Р.Сахыбекқызы білікті маман, өз ісіне жауапты, студенттермен, магистранттармен жұмыс жасай алатындығымен, іске жауаптылығымен танылды. Ұжымдағы әріптестері мен студенттер арасында, сондай-ақ, қоғамдық және әлеуметтік ортада құрмет пен беделге ие. Бүгінде А.Байтұрсынұлы шығармашылығының зерттелуі жөнінде ғылыми талдау еңбек және жоғары мектепке арналған оқулық жазу үстінде. Тарихи тұлға мұрасына қатысты республикалық, халықаралық конференцияларда маңызды баяндама жасап, алыс-жақын ТМД елдеріне ғылыми-іскери іссапарларында оң нәтижелерге қол жеткізді.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
Абай ат.АлМУ |
Жоғары |
1996 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
26.04.2007 |
Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
"Ерен еңбегі үшін" медалі | |
"Қазақстан Конституциясына 25 жыл" |
3
құжаттар
2